Өрттердің болу жағдайына табиғи-климаттық құбылыстар айтарлықтай әсерін тигізеді. Жану жағдайларының көбі өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу бойынша тұрғын үй секторында қысқы кезенде болады.
Тұрғын үй секторында өрттер мен адам өлімін болдырмау мақсатында Көкшетау қаласының 11-ӨСБ қызметкерлері аудан тұрғындарын өрт қауіпсіздік ережесінің негізгі талаптарын сақтауды сұрайды, атап айтсақ:
Жылыту маусымы басталғанға дейін пешті жөндеу, сырлау және әктеу, күлден тазалауды жүргізу. Мұржа құбырын үш айда бір рет тазалау қажет.
Пешті тек ересек адамдар ғана жандыру керек, пешті жағуды балаларға және алькоголді ішімдік ішкен адамға тапсыруға болмайды.
Жанып жатқан пешті қараусыз немесе оны ашық есікпен қалдыруға болмайды.
Пеш алдына 50х70 см. металлдан жылу оқшаулағыш материал қабатын орналастыру қажет.
Оттық есігінен бастап қарама-қарсы есікке дейінгі қашықтықты кемінде 1250 мм етіп жасау қажет.
Пештен шыққан жану қалдықтарын күл және шлак заттары арнайы алшақ жерлерге үйілуі тиіс, егерде жану қаупі туындаса су құйып тасталуы қажет.
Пешті пайдалануда қатаң тыйым салынады:
- пешті бензинмен, керосинмен, соляркамен тұтатуға.
- пешті қатты қыздыруға болмайды, жағу ұзақтығы 3 сағаттан аспауы тиіс;
- жиһаз және басқа да жанғыш заттарды жақын қоюға болмайды.
Х.ГИБАДАДОВ,
Біржан сал ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің инженері.