Ақмола облысында жаңа оқу жылына дайындық бойынша 500-ден астам мектеп тексерілді

Өңірде 2026-2027 оқу жылына мектептердің дайындығын бақылаудың негізгі кезеңі аяқталды. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары 500-ден астам мектеп пен 460-тан астам ас блогын тексерді.
Мониторинг қорытындысы бойынша 300-ге жуық нұсқама берілді. Негізгі ескертулер жөндеу жұмыстарына, жарықтандыруға, желдеткіш қолшатырларын және қоқыс жинауға арналған контейнерлерді орнатуға қатысты болды. Қазіргі уақытта мамандар мектептердің анықталған бұзушылықтарды қаншалықты жедел жойып жатқанын тексеруде.
Мектептегі тамақтану мәселесіне де ерекше назар аударылуда. Облыста 63 мыңға жуық бала ыстық тамақпен қамтылған, оның 54 мыңнан астамы – 1-4 сынып оқушылары.
Көкшетау қаласындағы үш модельдік мектепте жаңа Тамақтану стандарты сынақтан өткізілуде. Мониторинг нәтижесі көрсеткендей, мәзірге түзетулер енгізілгеннен кейін жекелеген тағамдардың желінбеу индексін 50-70 пайыздан 5-10 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік болған.
Сонымен қатар, өңірде 16 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Екі нысанда жұмыстар аяқталды, қалған мектептердегі жөндеу жұмыстарын тамыз айының соңына дейін аяқтау жоспарланған.
21 тамызда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің базасында мектептердің жаңа оқу жылына дайындығына арналған семинар өтеді. Мониторинг қорытындылары облыс әкімдігінде де қаралады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться