Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға үміткерлер Ақмола облысында тұратын, күндізгі оқу түрінде ақылы білім алатын, студенттер, интерндер, резиденттер, сонымен қатар келесі критерийлерге сәйкес келетін:
— Ақмола облысында кадрлық тапшылықты құрайтын мамандықтарда оқитын;
— әр түрлі спорт түрлерінде жоғары жетістіктері бар студенттер (олимпиадалық спорт түрлері бойынша республикалық және/немесе халықаралық чемпионаттарда жүлделі орын алғандар немесе олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша халықаралық чемпионаттарда жүлделі орын алғандар), Ақмола облысының атынан қатысатындарға білдіреді.
*Құжаттар 2024 жылдың 10 қыркүйегінен бастап — 10-шы қазанға дейін (қоса алғанда) қабылданады.*
Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға қойылатын талаптар, сонымен бірге тапшы мамандықтар тізімі Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының сайтында орналастырылған.
Өтінімдер Ақмола облысы ішкі саясат басқарамасында мына мекен-жай бойынша қабылданады: Қ. Сәтпаев көшесі, 1 «Б»-үй, 2-қабат, 241 кабинетінде. Қосымша ақпарат бойынша мына телефонға хабарласа аласыздар: 40-12-29.