БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде

 

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданына қарасты Сұлукөл ауылында «Жер ырысы — 2026» агрофестивалі басталды. Екі күнге жоспарланған шара барысында өңір шаруалары заманауи технологиялармен танысып, білікті мамандардан, сарапшылардан кеңес алмақ. Фестивальға елімізден және алыс-жақын шетелден 40-тан астам компания қатысуда.

Дәстүрлі шара биыл 5-ші рет өтіп отыр. Бұл күні өңір шаруалары ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтарынан хабардар болады, ветеринария мен өсімдік қорғаудағы соны тәсілдер туралы тісқаққан сарапшылардан сұрап біледі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тікелей тапсырмасы мен қолдауының арқасында бүгінде аграрлық салаға бұрын-соңды болмаған көлемде қаржы бөлініп, мемлекеттік қолдау тетіктері айтарлықтай кеңейтілді. Кейінгі 3 жылда аймақтың агроөнеркәсіп кешенін қолдауға 190 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Өңделген өнім көлемін 70 пайызға дейін арттыруға бағытталған шаралар да жүйелі жүзеге асырылуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться