
Тұрмыстық зорлық-зомбылық – құқық бұзушылық әрі адам құқықтарын өрескел бұзу. Ол тек күш қолданумен шектелмейді. Қорлау, қорқыту, бопсалау, экономикалық қысым көрсету, еркіндігін шектеу сияқты әрекеттер де зорлық-зомбылыққа жатады.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың белгілері
Үнемі қорлау, кемсіту және балағаттау;
Қорқыту, үркіту, психологиялық қысым көрсету;
Дене жарақатын салу немесе күш қолдану;
Ақшаға толық бақылау жасап, қаржылай тәуелді ету;
Туыстарымен және достарымен араласуына кедергі келтіру;
Еркін жүріп-тұруын шектеу.
Егер зорлық-зомбылыққа тап болсаңыз
Мәселені жасырмаңыз.
Өміріңізге немесе денсаулығыңызға қауіп төнсе, 102 нөміріне дереу хабарласыңыз.
Сенімді туыстарыңыздан, достарыңыздан немесе көршілеріңізден көмек сұраңыз.
Мүмкіндігінше зорлық-зомбылық фактілерін дәлелдейтін материалдарды сақтаңыз (фотосуреттер, хабарламалар, медициналық анықтамалар және т.б.).
Полицияға немесе тиісті көмек көрсету ұйымдарына жүгініңіз.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары
✅ Отбасындағы қарым-қатынасты өзара сыйластық пен сенімге негіздеңіз.
✅ Кез келген келіспеушілікті сабырмен және келісім арқылы шешуге ұмтылыңыз.
✅ Зорлық-зомбылыққа куә болсаңыз, бейжай қалмаңыз.
✅ Балаларды мейірімділікке, құрметке және жанжалдарды бейбіт жолмен шешуге тәрбиелеңіз.
Есте сақтаңыз!
Зорлық-зомбылыққа төзу – мәселені шешпейді. Уақытылы көмекке жүгіну өзіңізді және жақындарыңызды қорғауға мүмкіндік береді. Қауіпсіз отбасы – берекелі қоғамның негізі.
