Құрметті аудан тұрғындары!

Алдағы Құрылтай – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды алаң. Бұл – халықтың пікірін тыңдап, қоғамды толғандыратын өзекті мәселелерді талқылап, ортақ шешім қабылдауға мүмкіндік беретін маңызды институт.

Қоғамдық кеңес мүшелері үшін тұрғындардың ұсыныстары мен азаматтық ұстанымы әрқашан басты назарда. Себебі елдің дамуы әрбір азаматтың белсенділігі мен жауапкершілігіне тікелей байланысты.

Жаңа Конституциямызда азаматтардың мемлекет ісіне қатысу мүмкіндіктері кеңейіп, қоғамдық институттардың рөлі айқындала түсті. Ал Құрылтай осы оң өзгерістердің нақты көрінісі ретінде қоғам мен билік арасындағы ашық әрі сындарлы диалогты нығайтуға қызмет етеді.

Баршаңызды ел тағдырына бейжай қарамай, қоғамдық бастамаларға белсенді қатысуға шақырамын. Бірлік пен өзара түсіністік – тұрақты дамуымыздың берік негізі.

Ақмарал Кенжебаева,

Біржан сал ауданы
Қоғамдық кеңес төрайымы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться