Бала қауіпсіздігі – қарапайым шешімдер мен заң алдындағы жауапкершіліктен басталады

 

Жыл сайын жазғы және көктемгі мезгілдерде балалардың терезеден құлап кетуімен байланысты қайғылы жағдайлар жиілейді. Оқыс оқиғалардың басым бөлігі — ересектердің қараусыз қалдыруынан немесе терезеде арнайы қорғаныс құрылғыларының болмауынан орын алады. Өкінішке орай, көптеген ата-аналар қарапайым масадан қорғайтын торды (москитная сетка) бекем кедергі деп қателеседі. Шын мәнінде, ол баланың салмағын көтере алмайды.

Бала өмірін сақтап қалудың ең тиімді әрі қарапайым жолы — терезеге арнайы блокираторлар мен қауіпсіздік құлыптарын орнату.

Заң не дейді? Ата-ананың міндеті мен жауапкершілігі
Баланың өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету — тек моральдық парыз емес, сонымен бірге заңды міндет.

ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 70-бабына сәйкес, ата-аналар балаларының денсаулығына, физикалық, психикалық, рухани және моральдық дамуына қамқорлық жасауға, олардың қауіпсіз өмір сүруіне жағдай жасауға міндетті.

ҚР Қылмыстық кодексінің 119-бабында («Қауіпті жағдайда қалдыру») немесе 141-бабында («Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді тиісінше орындамау») баланың өміріне қауіп төндіретін салғырттық үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Заң талаптарын сақтау және отбасындағы ішкі тәртіпті жоғарылату — жазадан корқу үшін емес, ең қымбат қазынамыз – баламыздың өмірін сақтау үшін қажет.

Терезеден құлаудың алдын алу: Негізгі ережелер
Балаңызды қауіп-қатерден қорғау үшін мына ақпараттарды есте ұстаңыз:

-Арнайы блокиратор орнатыңыз: Терезенің тұтқасына кілтпен жабылатын құлып, шектегіш немесе трос-блокираторлар қойыңыз. Бұл құрылғылар баланы терезені айқара ашудан қорғайды.

-Жиһазды терезеге жақын қоймаңыз: Диван, орындық немесе үстел арқылы бала терезе алдына оңай шығып кетеді.

-Москит торына сенбеңіз: Тор баланың салмағына шыдамайды. Ол тек жәндіктерден қорғауға арналған.

-Баланы жалғыз қалдырмаңыз: Тіпті «бірнеше минутқа» болса да, кішкентай баланы терезесі ашық бөлмеде қараусыз қалдыруға болмайды.

-Балаға түсіндіру жұмысын жүргізіңіз: Терезе алды ойын алаңы емес екенін балаға кішкентайынан түсіндіріп отырыңыз.

Есте сақтаңыз: Қауіпсіздікті кейінге қалдыруға болмайды. Бүгін орнатылған біріңғай бұранда мен құлып — ертеңгі тыныш болашақтың кепілі.
Балаларыңызға қамқор болыңыз, заң мен тәртіпті сақтай отырып, қауіпсіз орта қалыптастырыңыз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться