«Заң мен тәртіп»: Көлік терезесінен қол мен басты шығаруға болмайды

**«Заң мен тәртіп»** қағидаты аясында полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Соңғы уақытта көлік қозғалысы кезінде жолаушылардың қолын, басын немесе денесінің басқа бөліктерін терезеден және люктен шығаруы жиі кездеседі. Мұндай әрекет тек тәртіп бұзушылық қана емес, адам өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді.

Көлік кенет тоқтағанда, бұрылғанда немесе жолдағы басқа көлікпен не кедергілермен жанасқан жағдайда жолаушы ауыр жарақат алуы мүмкін. Сондықтан жүргізуші де, жолаушы да жол қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауы тиіс.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің **593-бабының 1-2-бөлігіне** сәйкес, **жолаушыларды көлік құралының кабинасынан (салонынан) тыс тасымалдау, сондай-ақ олардың қозғалыс кезінде көлік құралының терезесінен немесе люгінен денесінің бір бөлігін шығаруына, есіктерін ашуына жол беру** **10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК)** мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2026 жылы бұл **43 250 теңгені** құрайды.

Сонымен қатар, **жүргізуші жолаушыларды тасымалдау қағидаларының сақталуына жауапты**. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің **593-бабының 1-бөлігіне** сәйкес, **жолаушыларды тасымалдау талаптарын сақтамағаны үшін жүргізушіге 5 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл** қарастырылған.

Полиция қызметкерлері ата-аналарға балаларға көлік ішінде өзін қауіпсіз ұстау ережелерін түсіндіріп, қозғалыс кезінде олардың терезеден немесе люктен еңкеюіне жол бермеуге кеңес береді.

Жолдағы қауіпсіздік – әрбір азаматтың жауапкершілігі. Заң талаптарын сақтау – айыппұлдан ғана емес, орны толмас қайғылы жағдайлардың алдын алудың ең тиімді жолы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться