Көкшетауда ауқымды ведомствоаралық профилактикалық акция өтті

Өткен демалыс күндері Қопа көлінің жағасында Ақмола облысы полиция департаментінің қызметкерлері төтенше жағдайлар департаментімен, прокуратурамен, жедел медициналық көмек қызметімен, Ақмола облысы полиция департаментінің жанындағы есірткі құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі кеңестің мүшелерімен, сондай-ақ “Жастар Рухы” жастар қанаты мен “Жасыл Ел” қозғалысының еріктілерімен бірлесіп «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайтуға бағытталған «Қауіпсіздік аумағы» ауқымды ведомствоаралық акциясын өткізді.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі құқық бұзушылықтың алдын алуға ерекше назар аударды. Облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарына есірткінің зияны, олардың заңсыз айналымының құқықтық салдары туралы ақпараттық жадынамалар табыс етілді, сондай-ақ есірткі заттары бар құпия орындар табылған кездегі іс-қимыл тәртібі түсіндірілді. Полицейлер азаматтарды бейжай қарамауға және осындай фактілер туралы ішкі істер органдарына дереу хабарлауға шақырды.

Сонымен қатар, төтенше жағдайлар департаменті мен жедел медициналық жәрдем қызметінің өкілдері демалушыларға суда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін, балаларды үнемі бақылау қажеттілігін және жазғы демалыс кезінде сақтық шараларын сақтауды еске салды.

Акцияға 50-ден астам еріктілер белсенді қатысты. Олар халықпен профилактикалық жұмыс жүргізуге көмектесті, ақпараттық материалдарды таратты, сондай-ақ «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы шеңберінде жағалау аумағын тазалап, өз қауіпсіздігіне ғана емес, қоршаған ортаға да жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара Көкшетаудың 1,5 мыңға жуық тұрғыны мен қонағын, оның ішінде жастарды қамтыды. Мұндай ведомствоаралық акциялар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, есірткіге теріс көзқарасты қалыптастыруға, қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін дамытуға және «Заң мен тәртіп» қағидатын қоғамда орнықтыруға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінде мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктер мен еріктілердің өзара іс-қимылын нығайтуға ықпал етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться