Ақмола облысында республикалық «Bereke Fest» акциясы өтеді

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің тапсырмасына сәйкес, 2026 жылғы 1-7 шілде аралығында Ақмола облысының аумағында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне орайластырылған республикалық «Bereke Fest» акциясы өтеді.
Акцияның мақсаты – тұтынушыларды қолдау, ішкі сауданы дамыту, сатып алушылардың белсенділігін арттыру, сондай-ақ ел өміріндегі маңызды тарихи оқиға туралы халықты ақпараттандыру.
Акция аясында облыстың сауда нысандарында сатып алушылар үшін арнайы іс-шаралар ұйымдастырылып, тауарлардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер ұсынылады, тақырыптық ақпараттық материалдар орналастырылады және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне арналған бейнероликтер көрсетіледі.
Ақмола облысында акцияға келесі сауда желілері қатысады:
«SMALL»;
«InMart»;
«Семейный»;
«Союз»;
«Аймер»;
«Lime».
Өңір тұрғындары мен қонақтары акция өткізу кезеңінде сауда нысандары ұсынған арнайы ұсыныстар мен жеңілдіктерді пайдалана алады.
Сонымен қатар, халық үшін азық-түлік тауарларының қолжетімділігін арттыру және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар шеңберінде жергілікті атқарушы органдар отандық тауар өндірушілердің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізуді жалғастырады.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Ақмола облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті өңір тұрғындарын «Bereke Fest» акциясына қатысуға және сауда нысандарының тиімді ұсыныстарын пайдалануға шақырады.
Береке Fest — Береке әр үйге!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться