«Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды

Софиевка ауылдық округінде қоршаған ортаны қорғау, табиғи су көздерін сақтау және туған жердің тазалығын қамтамасыз ету мақсатында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өтті.

Аталған акцияның негізгі мақсаты — табиғи су көздерін сақтау және абаттандыру, халықтың экологиялық мәдениетін арттыру, су ресурстарына ұқыпты қарауды қалыптастыру, сондай-ақ тұрғындар арасында экологиялық бастамаларды кеңінен насихаттау болып табылады.

Іс-шараға Софиевка ауылдық округінің әкімі, ауыл тұрғындары, жастар және «Алаш» жастар футбол клубының мүшелері белсенді қатысты. Акция барысында бұлақ маңы қоқыстан тазартылып, айналасы ретке келтірілді. Қатысушылар табиғи су көздерінің тазалығын сақтауға бағытталған жұмыстар жүргізіп, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты.

Акция барысында ауыл әкімі:
«Таза табиғат — болашақ ұрпаққа қалдыратын ең үлкен мұрамыздың бірі. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау, бұлақ көздерін тазалау және табиғи байлықтарды сақтау — баршамыздың ортақ міндетіміз.», – деп атап өтті.

Осындай игі шаралар тұрғындардың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, экологиялық мәдениетті нығайтуға, сондай-ақ ауылдың көркеюі мен табиғи байлықтарын сақтауға зор ықпал етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться