Спорт күні мерекесіне орай «Жеңіс» спорт сауықтыру кешенінде Біржан сал мен Бұланды аудандары мемлекеттік қызметшілері арасында волейболдан жолдастық кездесу өтті.
Осындай командалық спорт түрлері қарым-қатынас, топтық жұмыс, көшбасшылық, шешімділік және өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытады. Ең бастысы, олар ұжымдық ойлауға, топта бірге жұмыс істеуге үйретеді.
Кездесу өте қызықты өтті. Ойыншылар сергектік алып, жанкүйерлерге жақсы көңіл-күй сыйлады.
Кездесудің маңызды нәтижесі – қатысушылар алаңда өз шеберліктерін көрсетіп қана қоймай, белсенді демалыс та алды.