
18 мамыр мен 8 маусым аралығында Ақмола облысының аумағында балаларды тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау және қолдау тетіктерін күшейтуге бағытталған «Қазақстан – отбасындағы зорлық-зомбылықсыз» республикалық акциясы өткізілуде.
Акцияның мақсаты – отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау және отбасы құндылықтарын нығайту.
Іс-шара аясында қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларды дер кезінде анықтауға, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге көмек көрсетуге ерекше назар аударылады.
Егер сізге отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері белгілі болса, бейжай қарамаңыз!
«102» нөміріне хабарласыңыз!
