Еліміздің 100 мыңнан астам түлегі «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Бүгін Қазақстанның барлық аймақтарында «Түлектердің ағаш егу» атты ауқымды экологиялық акциясы өтті. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында 9 және 11-сынып бітірушілері мектеп аулаларында, саябақтар мен скверлерде мыңдаған көшет отырғызды.

ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасовтың қатысуымен өткен орталық іс-шара республика бойынша 100 мыңнан астам оқушының басын қосты. Бастаманың негізгі мақсаты — жастарды қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне тарту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Акция білім беру ұйымдарында жарияланған «Еңбекқорлық және кәсібилік» айлығы аясында өтуде. Іс-шаралар бағдарламасы тек экология мәселелерін ғана емес, сонымен қатар Халықаралық балалар кітабы күні және Ескерткіштерді қорғау күні сияқты мәдени-ағартушылық жобаларды да қамтиды. Олардың барлығы азаматтық жауапкершілікті тәрбиелеуге және тарихи мұраға ұқыпты қарауға бағытталған.

Сонымен қатар, оқу орындарында «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» жобасы жүзеге асырылуда. Оқушылар педагогтармен бірлесіп мектеп маңындағы учаскелерді санитарлық тазарту және қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жұмыстарын жүргізуде.

Мұндай іс-шараларды тұрақты түрде өткізу экологиялық күн тәртібін тәрбие процесіне енгізуге мүмкіндік береді, оқу жылын аяқтау дәстүрін қоғам үшін пайдалы бастамаға айналдырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться