ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінде жоғары оқуорындары мен ғылым саласында жаңа Конституцияныңқұндылықтары мен нормаларын іске асыру жұмысы жүргізіліпжатыр.
24 наурыз бен 31 наурыз аралығында еліміздің барлық жоғарыоқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарындаконституциялық реформаның негізгі ережелерін талқылауғабағытталған іс-шаралар кешені ұйымдастырылды. Республиканың әр өңірінде студенттер, оқытушылар және ғылыми қызметкерлер қатысқан кездесулер, сараптамалықпікірталастар, дөңгелек үстелдер және басқа да диалог алаңдары өткізілді. Барлығы шамамен 250 іс-шара ұйымдастырылып, профессорлық-оқытушылық құрамның, докторанттар мен магистранттар, жас ғалымдардың 10 мыңнан астам өкілі қамтылды.
Талқылаудың басты бағыты ретінде 19 наурызда әл-Фарабиатындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен Мемлекетбасшысының ғылыми қоғамдастықпен кездесудегі сөзіқаралды.
31 наурызда елдің бірқатар жетекші жоғары оқу орындарындатақырыптық талқылаулар өтті, соның ішінде әл-Фарабиатындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ ұлттық қыздарпедагогикалық университеті, Д.Серікбаев атындағы ШығысҚазақстан техникалық университеті, М.Қозыбаев атындағыСолтүстік Қазақстан университеті және Қарағанды техникалықуниверситеті.
1 сәуірде ұқсас іс-шаралар Шәкәрім университетінде, С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетіндежәне Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетіндежалғасты.
Кездесулер барысында қатысушылар Мемлекет басшысыныңбелгілеген ғылым мен жоғары білімді дамытудағы негізгі бағыттарын талқылады, оның ішінде ғылыми әлеуетті нығайту, университеттердің рөлін арттыру, жас ғалымдарды қолдау, ғылымды экономика саласымен интеграциялау, сондай-ақцифрландыру және жасанды интеллект технологияларындамыту мәселелері қаралды.
Аталған шаралар жастар арасында конституциялыққұндылықтарды тұрақты түсінуді қалыптастыруға, құқықтықсауаттылықты арттыруға және азаматтық жауапкершіліктідамытуға бағытталған.
Сонымен қатар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттықуниверситетінің ғылыми қызметкерлері «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы: салыстырмалыталдау» атты әдістемелік нұсқаулық әзірледі, ол Ұлттықкоалиция жұмысына пайдаланылды.
Қазіргі уақытта жаңа Конституцияға арналған әдістемелікұсыныстар мен ғылыми түсіндірмелер профильдік мамандар мен сарапшылар қауымдастығының қатысуымен дайындалыпжатыр.
Сонымен бірге жаңа Конституцияның нормалары оқубағдарламаларының мазмұнына енгізіліп, жоғары білімжүйесінде әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бойынша білімберу бағдарламаларын жаңарту жұмыстары жүйелі түрдежүргізіліп келеді.
https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/1192948?lang=kk
