Ақмола облысында су тасқыны жағдайына аэровизуалды мониторинг жүргізілді

 

Ақмола облысында су тасқыны жағдайына аэровизуалды мониторинг жүргізілді 🚁

Ақмола облысы ТЖД қызметкерлері су тасқыны жағдайын бағалау мақсатында өңір аумағына әуеден бақылау жүргізді.

Мониторинг барысында:

▪️ қар қорының көлемі бағаланды

▪️ Қылшақты, Қайрақты және Бақсұқ өзендерінің арналары тексерілді

▪️ гидротехникалық құрылыстардың жағдайы, оның ішінде Иванковка бөгеті мен айналма каналдың өткізу қабілеті қаралды

Бұл жұмыстар су басу қаупін дер кезінде анықтауға, осал учаскелерді белгілеуге және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алдын алу шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.

@112aqmola

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться