Референдумға қатысып, өз таңдауларын жасауда

Ауданның кейбір тұрғындары түрлі себептермен күндіз өз учаскелеріне келе алмаса да, кейінірек келіп дауыс беруде. Жұмыс, қызметтік міндеттер немесе басқа да жағдайларға қарамастан, тұрғындар уақыт тауып, референдумға қатысып, өз таңдауларын жасауда.

Көптеген тұрғындар үшін бұл – өз азаматтық ұстанымын білдіріп, ел болашағына үлес қосудың маңызды мүмкіндігі. Сондықтан аудан тұрғындары ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси оқиғадан тыс қалмай, дауыс беруге келуді азаматтық борышы деп санайды.

Күн бойы учаскелерге келушілер легі толастамай отыр: біреулер жұмыстан кейін келсе, енді біреулер үй шаруаларын аяқтаған соң келуде. Осылайша аудан тұрғындары референдум учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасап, азаматтық міндеттерін орындауды жалғастыруда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться