Сағат 20:00-де республикалық референдум аяқталды. Ауданда 32 референдум учаскесі жұмыс істеп, тұрғындар өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланып, азаматтық ұстанымдарын білдірді.
Күні бойы дауыс беру тыныш әрі ұйымдасқан жағдайда өтті. Сайлаушылар ел үшін маңызды қоғамдық-саяси оқиғаға қатысу үшін учаскелерге келіп, белсенділік танытты.
Қазіргі уақытта учаскелерде дауыстарды санау рәсімі жүріп жатыр. Дауыстарды санау Қазақстан Республикасының заңнамасына және референдум өткізу тәртібіне сәйкес жүргізілуде.
