
Менің ойымша, жаңа Конституциядағы ең маңызды қағидалардың бірі – еліміздің егемендігі, тәуелсіздігі, бірлігі және аумақтық тұтастығы туралы нормалардың бекітілуі. Бұл Қазақстанның дербес әрі тұрақты мемлекет екенін айқын көрсетеді.
Тәуелсіз мемлекет болу – елдің өз бағытын өзі айқындап, ішкі және сыртқы саясатын дербес жүргізуі деген сөз. Ел бірлігі қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді. Ал аумақтық тұтастық Қазақстан жерінің біртұтас әрі бөлінбейтін екенін білдіреді.
Мемлекеттік басқару жүйесінің тұрақтылығы да елдегі тәртіп пен дамудың маңызды кепілі болып саналады. Бұл қағидалар мемлекет қауіпсіздігі мен болашағы үшін ерекше маңызға ие.
Конституция әрбір азаматқа қатысты негізгі құжат. Онда біздің құқықтарымыз бен міндеттеріміз, сондай-ақ мемлекет тарапынан берілетін кепілдіктер көрсетілген. Сондықтан Конституцияны мемлекет пен қоғам арасындағы қатынастың басты негізі деп айтуға болады.
Бибігүл Рақымжанова,
“Андықожа батыр ауылының ЖОББМ” КММ
Кәсіподақ ұйымының төрайымы.
