Конституция – әр отбасының қорғаны, әр баланың құқығын қорғайтын негізгі заң

 

Аналар кеңесінің мүшесі ретінде Конституциялық реформаны қолдайтынымды айтқым келеді.

Біз, аналар, ең алдымен балаларымыздың болашағын ойлаймыз. Елде тұрақтылық, әділдік және тең мүмкіндік болса ғана балаларымыз алаңсыз білім алып, өсіп-өркендей алады.

Конституциялық реформа – мемлекеттің жауапкершілігін күшейтіп, халықтың үнін естуге бағытталған маңызды қадам деп түсінемін. Әсіресе отбасы институтын нығайту, отбасылық құндылықтарды сақтау, ана мен баланы қолдау, білім мен денсаулық сақтау саласының дамуы, балаларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері біз үшін өте маңызды.
Конституция – әр отбасының қорғаны, әр баланың құқығын қорғайтын негізгі заң.
Сондықтан әрқайсымыз өз азаматтық ұстанымымызды білдіруіміз керек.
Бүгінгі шешім – ертеңгі ұрпақтың өміріне әсер етеді.

Ләззат Жексембаева,
Біржан сал ауданы Аналар кеңесінің мүшесі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться