Референдум – бұл әрқайсымыздың пікірімізді білдіру мүмкіндігі

Біз, іскер әйелдер, қоғамның белсенді бөлігі ретінде ел дамуына өз үлесімізді қосып келеміз. Кәсіпкерлік, әлеуметтік жобалар, қайырымдылық бастамалар — мұның бәрі тұрақты әрі әділетті құқықтық негізге сүйенгенде ғана нәтижелі болады.

Сондықтан Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен алдағы референдум – әр азамат үшін маңызды қадам. Конституция – елдің басты заңы, мемлекет пен қоғам арасындағы сенімнің негізі. Ондағы жаңашыл бастамалар адам құқықтарын қорғауды күшейтуге, әділдік қағидатын нығайтуға және азаматтардың мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

Іскер әйелдер қауымдастығы әрдайым ашықтықты, жауапкершілікті және заң үстемдігін қолдайды. Біздің ұстанымымыз – саналы таңдау жасап, ел болашағына бейжай қарамау.

Референдум – бұл әрқайсымыздың пікірімізді білдіру мүмкіндігі. Болашағымызға қатысты шешім қабылдауда белсенділік таныту – ортақ жауапкершілік.

Гүлайым Ысқақова,

Біржан сал ауданының Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться