Ақмола облысында сайлау учаскелерініңқолжетімділігі қалай қамтамасыз етіледі

Ақмола облысында мүмкіндігі шектеуліазаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз етусайлау комиссиялары жұмысының басымбағыттарының бірі. Референдумға дайындықаясында өңірде мүгедектігі бар адамдар мен дауыс беру кезінде арнайы жағдайды қажетететін өзге де азаматтар үшін сайлауинфрақұрылымының қолжетімділігінқамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастырушылық және техникалықшаралар кешені жүзеге асырылуда. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасы хабарлайды.

Облыстық аумақтық комиссияның мәліметінше, дауыс беру күні өңірде 760 референдум учаскесі жұмыс істейді. Оның ішінде 700 азаматтардың тіркелген жері бойынша, ал 60уақытша болатын орындарда ашылады.

Сайлау құқықтарын қамтамасыз етумақсатында арнайы жағдайды қажет ететіназаматтар туралы мәліметтер нақтыланған.

Облыстық референдум комиссиясыныңтөрағасы Манарбек Сәдуовтың айтуынша, өңірде 2772 мүгедектігі бар азамат бар. Оның ішінде 881 адам арбамен қозғалады, 700 адамның есту қабілеті бұзылған, 1191 адамныңкөру қабілетінде қиындық бар. 29 адам Брайль қарпін меңгерген. Дауыс беру күні мүгедектігібар азаматтар үшін инватакси мен сурдоаудармашылар қызмет көрсетеді. Барлықучаскелер осы санаттағы азаматтардыңқажеттіліктерін ескере отырып жабдықталған.

Облыс орталығында да дайындық жұмыстарытолық көлемде жүргізілуде. Қалалықреферендум комиссиясының хабарлауынша, Көкшетау қаласындағы 79 учаскеніңбарлығында сайлаушылардың кедергісізкіруіне жағдай жасалған.

Көкшетау қалалық референдум комиссиясытөрағасының орынбасары АлмагүлӘленованың айтуынша, учаскелердемүгедектігі бар азаматтарға арналған арнайыбұрыштар жабдықталған. Онда компьютерлер, құлаққаптар, қосымша жарықтандыру және үлкейткіш құрылғылар бар. Конституция жобасының мәтіні аудио сүйемелдеуменорналастырылған. Сондай-ақ бюллетеньдердіөз бетінше толтыруға арналған Брайль қарпіндегі трафареттер мен аудионұсқаулықтар қарастырылған.

Сонымен қатар мекенжайлық жұмысты тиімдіжүргізу үшін электронды деректер базасықалыптастырылған. Сайлау учаскелеріорналасқан нысандар Қолжетімділіктіңинтерактивті картасына енгізілуде. Қазіргіуақытта 79 учаскенің 63-і картаға енгізілген.

Облыс бойынша республикалық референдумғақатысу құқығына 511 183 азамат ие. Халықтыақпараттандыру мақсатында 20 call-орталықпен 109 бірыңғай нөмірі жұмыс істейді. Мұндадауыс беру орны мен уақыты туралы ақпарат алуға болады.

Сондай-ақ облыс әкімінің ресми сайтында«Өзіңді тексер» онлайн-сервисі және «АкмолаСайлауБот» Telegram-боты іскеқосылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться