15 наурызда өтетін республикалық референдум – әрбір азамат үшін маңызды қоғамдық-саяси оқиға

Қоғамдық кеңестің төрағасы ретінде айтарым, Конституция – мемлекетіміздің берік тірегі, әділдік пен теңдік қағидаттарына негізделген қоғамдық келісімнің басты құжаты. Ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын айқындап қана қоймай, ел дамуының стратегиялық бағытын белгілейді.

15 наурызда өтетін республикалық референдум – әрбір азамат үшін маңызды қоғамдық-саяси оқиға. Бұл жай ғана дауыс беру емес, халықтың өз еркін білдіретін, мемлекет дамуына тікелей қатысуына мүмкіндік беретін демократиялық құрал.

Қоғамдық кеңес алаңында тұрақты түрде кездесулер мен ашық талқылаулар ұйымдастырылып келеді. Сол кездесулер барысында тұрғындардың ел болашағына бейжай қарамайтынын, өз пікірін білдіруге дайын екенін анық байқаймыз. Ашықтық пен халық пікірін ескеру – біздің жұмысымыздың негізгі қағидаттары.

15 наурыздағы референдумға қатысу – азаматтық жауапкершілік пен ел келешегіне деген жанашырлықтың көрінісі. Қоғамның белсенді ұстанымы мемлекетіміздің одан әрі нығаюына және демократиялық қағидаттардың дамуына ықпал етеді деп сенемін.

Ақмарал Кенжебаева,

Біржан сал ауданының Қоғамдық кеңес төрайымы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться