Аудан әкімінің мүгедектігі бар адамдар мәселелері жөніндегі кеңесшісі ретінде, Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасында халықты әлеуметтік қорғау мен барлық азаматтар үшін тең құқықтар мен мүмкіндіктерге ерекше мән берілгенін атап өткім келеді.
Мемлекеттің әлеуметтік бағытын күшейту — әр адамның өзін қорғалған әрі қажет сезінуіне бағытталған маңызды қадам. Жаңа Негізгі заң жобасы әлеуметтік кепілдіктерді нығайтып, мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіруге және шынайы қолжетімді орта қалыптастыруға бағытталған. Бұл тек инфрақұрылымды бейімдеу емес, мүгедектігі бар адамдардың білім алуға, еңбек етуге, медициналық және әлеуметтік қызметтерді пайдалануға толық мүмкіндік жасау деген сөз.
Заң алдында теңдік пен кемсітушілікке жол бермеу қағидаты — құқықтарды қорғаудың берік негізі. Ең бастысы, Конституцияда белгіленген нормалар нақты өмірде жүзеге асуы тиіс.
Жаңа Конституция жобасын қабылдау әлеуметтік мемлекет қағидаттарын нығайтып, азаматтардың өмір сапасын арттыруға маңызды қадам болады деп сенемін.
Роза Айтмағамбетова,
Біржан сал ауданы әкімінің мүгедектер сұрақтары бойынша кеңесші.
