Жаңа Конституция – жаңа мүмкіндіктер

Қазақстан Республикасының Конституциясының жаңа редакциясына енгізілген түзетулер елдің саяси жаңғыру жолындағы маңызды кезең болып табылады және қоғамның әділетті, құқықтық әрі ашық мемлекет құруға деген сұранысын айқын көрсетеді. Конституцияда адам құқықтары мен бостандықтарының басымдығын бекіту, оларды қорғау тетіктерін күшейту және әлеуметтік мемлекеттің қағидаттарын кеңейту ерекше маңызға ие. Конституциялық сот институтының енгізілуі мен нығаюы, заңның үстемдігі мен заң алдында бәрінің теңдігі қағидаттарының дамуы құқықтық жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, азаматтардың мемлекетке деген сенімін арттыра түседі.

Сондай-ақ Конституцияның жаңа редакциясында азаматтардың ел басқару ісіне қатысуына, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға және қоғамдық бақылаудың рөлін арттыруға ерекше назар аударылған. Бұл әрбір азаматтың пікірін ескеретін, белсенді азаматтық қоғамды қалыптастыруға нақты жағдай жасайды.

Бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде аудандық және өңірлік басылымдар үшін конституциялық өзгерістер жаңа мүмкіндіктермен қатар үлкен жауапкершілік жүктейді. БАҚ мемлекет пен қоғам арасындағы ашықтықты, қолжетімділікті және ақпараттың объективтілігін қамтамасыз ететін негізгі дәнекерге айналады. Жаңартылған Конституция жағдайында медиа өкілдерінің халықтың құқықтық сауаттылығын арттырудағы, реформалардың мәнін түсіндірудегі және азаматтық мәдениетті қалыптастырудағы рөлі едәуір күшейеді.
Дина АҚЫШЕВА,
«Аудандық газет редакциясы» ЖШС-нің директоры.
Біржан сал ауданы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться