Санитариялық қызмет ескертеді: тағам қауіпсіздігін сақтаңыз

Ақмола облысында тағамнан уланудың алдын алу және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Ағымдағы жылды қадағалау және профилактикалық іс-шаралардың қорытындылары туралы брифинг барысында Ақмола облысы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Сәдуақасова мәлімдеді.

Облыста жаппай тағамнан уланудың екі жағдайы – Бурабай және Ерейментау аудандарында анықталған. Жалпы алғанда 20-дан астам адам зардап шеккен, олардың шамамен 15-і – балалар.
Әрбір оқиға бойынша санитариялық қызмет тарапынан эпидемияға қарсы іс-шаралар кешені жүргізілді. Жедел әрекет ету аясында қоғамдық тамақтану объектілерінде жоспардан тыс тексерулер ұйымдастырылып, тұрмыстық ошақтарда эпидемиологиялық зерттеулер жүргізілді, сондай-ақ тағам өнімдерінің, ауыз судың және биологиялық материалдардың сынамаларына зертханалық зерттеулер жасалды.

Сонымен қатар, жыл басынан бері өңірде қоғамдық тамақтану объектілеріне барып жүргізілген шамамен 25 профилактикалық бақылау іс-шарасы өткізілді. Тексерілген барлық нысандардан санитариялық талаптардың бұзылуы анықталды. Бұдан бөлек, азаматтардың өтініштері бойынша 50-ге жуық жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
Сәуле Сәдуакасованың мәлімдеуінше, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің жұмысындағы басты басымдық – профилактика және қауіп-қатерлердің алдын алу.

«Санитариялық талаптарды сақтамау және бұрын берілген ұсынымдарды елемеу бақылау шараларын күшейтудің негізгі себептеріне айналып отыр. Біздің басты міндетіміз – халықтың денсаулығын қорғау және мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу», – деді ол.

Жаңа жыл мерекелері қарсаңында санитариялық дәрігерлер тұрғындарды корпоративтік және отбасылық іс-шаралар кезінде ерекше сақ болуға шақырады. Бұл кезеңде тағамнан улану қаупі дәстүрлі түрде арта түседі. Бұл көбіне тағамды көп мөлшерде дайындау, дайын асты ұзақ уақыт сақтау, сондай-ақ оны тасымалдау және қайта пайдалану жағдайларымен байланысты. Мамандар санитариялық талаптарды, өнімдерді сақтау шарттарын және жарамдылық мерзімдерін қатаң сақтауды ұсынып, денсаулыққа төнетін қауіптің алдын алуға шақырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться