Тұтынушылық дауларды сотқа дейін реттеу тәртібі

Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 42-8-бабына сәйкес, тұтынушы сатушыға (өндірушіге, орындаушыға) дауды сотқа дейін реттеу тәртібімен қарауға ұсынуға құқылы.

Бұл тетік дауларды тиімді шешуге, уақыт пен қаражатты үнемдеуге, сондай-ақ тұтынушы мен кәсіпкер арасындағы өзара сенімді қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған.
1. Тұтынушының сотқа дейін реттеу құқығы
Тұтынушы келесі субъектілердің қатысуымен дауды шешуді ұсынуға құқылы:
• төрелік (арбитраж);
• медиатор;
• тұтынушылар бірлестігі;
• қауымдастықтар (одақтар) немесе өзін-өзі реттейтін ұйымдар, олардың мүшесі болып табылатын сатушы (өндіруші, орындаушы).
Сатушы (өндіруші, орындаушы) туралы ақпарат Заңның 33-2-бабына сәйкес орналастырылуы тиіс.
Егер тараптар келіссе, тұтынушылық дауды сотқа дейін қарауға беру туралы жазбаша келісім жасалады.
2. Өтініш беру тәртібі
Тұтынушы сотқа дейін қарау туралы өтінішті:
• тікелей тиісті субъектке;
• немесе Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы (жазбаша келісім болған жағдайда) жолдай алады.
Сотқа дейін реттеу субъектілері қаралған өтініштердің қорытындылары туралы ақпаратты тоқсан сайын уәкілетті органға ұсынып отырады.
3. Қолданылатын заңнама
Тұтынушылық дауларды сотқа дейін реттеу:
• «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңның,
• төрелік туралы,
• медиация туралы,
• және өзін-өзі реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қорытынды
Сотқа дейін реттеу тетігі – тұтынушылардың құқықтарын тиімді қорғауға, тараптар арасындағы дауларды бейбіт жолмен шешуге мүмкіндік беретін баламалы құрал болып табылады. Бұл тәжірибе кәсіпкерлердің жауапкершілігін арттыруға және тұтынушылар сенімін нығайтуға ықпал етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться