Ақмола облысы биылғы қысқа толықдайын. Бұл туралы облыс әкімі Марат Ахметжанов Орталық коммуникацияларқызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Оның айтуынша, өңірде жылыту маусымы қалыптыжағдайда өтіп жатыр, ал оған дайындықжұмыстары суық түспей тұрып, ерте басталған.
Жөндеу жұмыстарының көлемі шыныменауқымды. Облыс бойынша 40 шақырымнанастам жылу желілері жаңартылып, жаңаучаскелер салынды, қазандықтардыңжабдықтары толықтай жаңғыртылды. Әсіресетозу деңгейі жоғары болған қала және ауылдардағы инфрақұрылымға баса назараударылды.
«Степногорск қаласында 17 шақырым жылумагистралі жаңартылып, тозу деңгейі 80 пайыздан 68 пайызға дейін төмендеді. Атбасарда да көрсеткіш 68 пайызға дейіназайды, ал Көкшетауда қыс маусымынадайындық жұмыстары 100 пайызғаорындалды. Қазіргі уақытта жылыту маусымытұрақты өтуде, көмір тапшылығы жоқ», – дедіоблыс әкімі Марат Ахметжанов.
Өңірді жылумен қамтамасыз етудеСтепногорск жылу электр орталығының (ЖЭО) рөлі ерекше. Бүгінде ол 21 мыңнан астамабонентті жылумен қамтамасыз етіп отыр. 1960-жылдары салынғанына қарамастан, бұл нысан әлі де өңірдегі негізгі энергия көзі болып табылады. Мұнда барлық турбиналар мен қазандықтарға күрделі жөндеу жүргізіліп, жабдықтардың сенімді жұмысы қамтамасыз етілген.
Аймақ үшін үлкен серпіліс – Көкшетауқаласында жаңа жылу электр орталығыныңқұрылысы басталуы болды. Бұл жоба қазірдіңөзінде еліміздің солтүстік өңірі үшін стратегиялық нысан ретінде бағалануда. Құрылыс аяқталған соң станция қала тұрғындары мен өңір өнеркәсібін жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етіп, сыртқықуат көздеріне тәуелділікті азайтады әріболашаққа энергетикалық қор жасайды. ЖЭО-ның бірінші кезеңін 2028 жылы, екіншісін 2029 жылы іске қосу жоспарланған.
Жоба аясында тек станция ғана емес, сонымен қатар жаңа жылу магистральдары, су құбырлары, электр жеткізу желілері салынып, бар желілер жаңғыртылып, көпқабаттыүйлердегі ыстық су жүйесі қалпына келтіріледі.
Сонымен қатар коммуналдық инфрақұрылымның басқа бағыттары да дамыпкеледі. Биыл астаналық аймақта ұзындығы 165 шақырым болатын алты электрмен қамтужобасы іске асырылуда. Бұл 30 мыңнан астамақмолалықты тұрақты электр қуатыменқамтамасыз етеді. Келесі жылы Көкшетау мен Қосшы қалаларында жаңа қосалқы станцияларсалу жоспарланып отыр.
Газдандыру жұмыстары да жоспарға сайжүріп жатыр. Биыл Нұрлы, Аққайың, Шұбары, Қосшы, Ыбырай Алтынсарин және Талапкер елді мекендеріне табиғи газ жеткізілді. Осылайша, 50 мыңға жуық тұрғын алғаш реткөгілдір отынға қол жеткізді. Ал келесі жылы Қараөткел, Қызылсуат және Тайтөбеауылдарын қоса алғанда тағы алты елді мекенгазға қосылады.
