Ақмола өңірі 100 пайыз таза ауызсуменқамтылу межесіне жақын

Ақмола облысында халық үшін аса өзектімәселелердің біріауызсумен қамтубүгіндекөп жылдық түйткілдер қатарынан шығып, нақты нәтижелер беріп жатқан бағытқаайналды. Бұл туралы Орталықкоммуникациялар қызметінде өткен брифингтеоблыс әкімі Марат Ахметжанов айтып берді.

Әкімнің айтуынша, биыл 77 елді мекенніңтұрғындары таза ауызсуға қол жеткізеді. Қазіргітаңда 36 ауылда су құбыры желілері салыныпжатыр, олардың жартысына жуығыныңқұрылысы аяқталған.

«Нәтижесінде шамамен 20 мың тұрғынорталықтандырылған су жүйесіне қосылды. Ауылдық жерлер үшін бұл – елеулі жетістік», деді өңір басшысы.

Ал ұзақ магистраль салуға мүмкіндік жоқшағын ауылдарда су тазартуға арналған блок-модульдік станциялар орнатылуда. Қазірдіңөзінде мұндай станциялар 6 мыңнан астамауыл тұрғынын таза сумен қамтамасыз етіпотыр. Бұл тәсіл, әсіресе, бұрын ауызсудытасып ішкен немесе ескі құдықтардыпайдаланған шалғай елді мекендер үшін тиімдішешім болды.

«Биылғы маңызды жобалардың біріКөкшетау қаласындағы су тазарту жүйесінжаңарту. Бұрынғы екі сатылы сүзу жүйесініңорнына бес сатылы жаңа технология енгізілді. Енді суды тазарту процесінде заманауи құмжәне көмір-анрацит сүзгілері қолданылады. Олар судың иісін, түсін және ұсақ бөлшектерінтолық жояды. Сынақ нәтижесі бойынша судыңмөлдірлігі мен түсі мемлекеттік стандарттарданекі есе жақсы көрсеткіш көрсетті», — деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Жоба жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланғанымен, жұмыстар мерзіміненбұрын, қыркүйек айында аяқталған. Соныңарқасында бүгінде Көкшетаудың 200 мыңғажуық тұрғыны халықаралық стандарттарға сайсапалы су тұтынып отыр. Жаңа кешен тәулігіне30 мың текше метрге дейін таза су өндіреалады.

Процестерді автоматтандыру жүйеніңсенімділігін арттырып қана қоймай, жыл сайынсудың өзіндік құнын субсидиялауғажұмсалатын шығынды шамамен 1 миллиард теңгеге азайтуға мүмкіндік берді.

Жаңа жылға дейін барлық ақмолалық таза ауызсуға қол жеткізеді. Яғни енді дүкеннен бөтелкедегі су сатып алу үйреншікті жағдай болудан қалады.

Көптеген шағын елді мекендері мен күрделі ауылдық инфрақұрылымы бар өңір үшін бұл оңай міндет емес. Алайда қазіргі қарқын мен жүзеге асырылып жатқан жобалардың нәтижесіне қарағанда, Ақмола облысы толық таза ауызсумен қамтылған өңір болуға өте жақын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться