Біржан сал ауданының прокуратурасы назарларыңызға салады
!

Соңғы кездері алаяқтық қылмыстары, соның ішінде интернет және байланыс құралдары арқылы жасалынатын интернет-алаяқтық қылмыстары қоғам ішінде белең алуда.

Сақ болыңыз:

— Алаяқтар өздерін құқық қорғау органдарының, мемлекеттік органдардың және банктің қызметкерлері ретінде таныстырады және  сізден банк картасы туралы мәліметтер,  PIN-кодтар немесе SMS-кодтарды сұрайды.

—     Есіңізде болсын, мемлекеттік, банктікқызметкерлер ешқашанда сіздің банк картаңыздың мәліметтерін және шотыңыздағы ақшаны аударуды сұрамайды.

Сондай-ақ, күдікті сілтемелерді қарамаңыз және қосымшаларды ұялы телефоныңызға орнатпаңыз.

Өзіңізді қорғаңыз және жақындарыңызды сақтаңыз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться