Президент Жолдауы аясында Ақмола облысында мектептерді кешенді күрделі жөндеуден өткізу мен жабдықтауды көздейтін үш жылдық реновация жоспары әзірленіп, бекітілді.
Жаңа оқу жылының басында Бiржан сал ауданында орналасқан үш мектеп – Андыкожа батыр, Кеңащы, Макинка ауылдарындағы білім ордалары жаңартылып, өз оқушыларына есігін айқара ашты. Қазіргі таңда бұл білім беру ұйымдары заманауи әрі жайлы кейіпке енді.
Андыкожа батыр ауылының мектебі 1980 жылы салынған. Мұнда 100-ден астам оқушы білім алады. Соңғы екі жылда білім ордасы айтарлықтай өзгеріп, тек оқушылар мен ұстаздар үшін ғана емес, бүкіл ауыл тұрғындары үшін де шынайы мәдени-рухани орталыққа айналды.
Жөндеу жұмыстары барысында инженерлік жүйелер, шатыр, еден, есік пен терезелер толықтай ауыстырылды. Оқу кабинеттері жаңа жиһазбен – парталармен, орындықтармен және шкафтармен жабдықталды.
Сонымен қатар ауласы да абаттандырылды: жаяу жүргіншілер жолы төселіп, орындықтар мен көше шамдары орнатылды, демалыс аймағы мен белсенді үзілістер мен сыныптан тыс сабақтарға арналған шағын спорт алаңы жасалды.
«Күрделі жөндеу мектепке жаңа тыныс берді. Өзгерістер тек қабырғалар мен жиһазға ғана емес, білім сапасына да әсер етті. Оқушылар көбірек талпынып, олимпиадаларға, байқауларға, жобаларға белсенді қатыса бастады. Әсіресе, жаратылыстану пәндері мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларға деген қызығушылық арта түсті», – деп айтты директордың м.а. Аян Қалиев.
«Ата-аналар да мектеп өміріне жиі араласа бастады, іс-шаралар мен жобаларға қолдау көрсетуде. Жаңа дәстүрлер қалыптасты: шығармашылық және спорттық шаралар, презентациялар, мектеп мерекелері көбейді», – деп толықтырды Аян Қалиев.
Атап айтсақ, жоспарға сәйкес 2027 жылға дейін аймақта кешенді күрделі жөндеу мен жабдықтауды қажет ететін 90 мектеп реновациядан өтеді. Бұл өзгерістер әрбір ауыл мектебін тек білім ордасы ғана емес, сонымен бірге мәдениет пен қоғамдық өмірдің орталығына айналдыруға бағытталған.