22 тамыз күні «Елдесу және татуласу: татулықты нығайтудағы этномедиацияның рөлі» тақырыбында республикалық конференция өтті.
Конференцияның негізгі мақсаты – этномедиация институтын дамыту арқылыэтносаралық қатынастарды тұрақтандыру, қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді сақтау.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың, құқыққорғау құрылымдары, сот жүйесінің өкілдері, кәсіби медиаторлар, Қазақстан халқыАссамблеясының мүшелері мен сала сарапшыларықатысты.
Конференция спикерлері:
Мақсұтов Мерей Нығметұлы, ҚР Мәдениетжәне ақпарат министрлігіне қарасты Этносаралыққатынастарды дамыту комитетінің өңірлік жұмысбасқармасының басшысы — этномедиацияныөңірлік деңгейде жүйелі түрде енгізудің және оны мемлекеттік органдар қызметіне біріктірудіңмаңыздылығын атап өтті.
Пулатов Шерзод Аббозұлы, АНК жанындағыЭтномедиация республикалық кеңесінің төрағасы, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Құрылтайдыңмүшесі, PhD докторы — этномедиацияны қоғамдықдипломатия мен бейбіт диалог құралы ретінде жан-жақты талдап, теориялық және практикалықаспектілерін ұсынды.
Узарова Луиза Магамедовна, «Қолданбалыэтносаяси зерттеулер институты» ЖШС Этномедиация орталығының директоры — өңірлікқұрылымдармен тәжірибе алмасу үлгілерінұсынып, аналитикалық материалдарментаныстырды.
Нарбаева Гүлмира Кенжебулатқызы, «International Bureau of Mediation» қоғамдықбірлестігінің директоры, PhD докторы — семинар-тренинг барысында қатысушыларды медиатор жұмысының алгоритмдерімен және мультимәдениортада тиімді коммуникация әдістеріментаныстырды.
Италиева Талшын Мұқатқызы, «Қоғамдықкелісім» РММ бас сарапшысы — этномедиациянықолданудың табысты кейстерін саралап, этносаралық салада алдын алу шараларыныңмаңыздылығын атап өтті.
Мәдиева Гүлнар Серікқызы, Ақмола облыстық этномедиация кеңесінің төрайымы, заңғылымдарының магистрі, медиатор-тренер, тәжірибелі заңгер — нақты мысалдар негізінде этносаралық дауларды шешу тәжірибесіменбөлісті.
Конференция аясында тәжірибе алмасу, кәсібипікірталас және этномедиация тетіктерін дамытуғабағытталған өзекті ұсыныстар жасалды.