Қазақстан – кең-байтақ жері мен дархан мінезді халқы бар, бейбітшілік пен достықты ту еткен ел. Бүгінде еліміз түрлі ұлт пен ұлысқа ортақ шаңырақ болып отыр. 130-дан астам ұлт пен ұлыстың өкілі бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүруде. Бұл – Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев негізін қалаған және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жалғастырып отырған татулық пен келісім саясатының жемісі.
Қазақстан халқы Ассамблеясы – ынтымақ пен бірліктің нақты көрінісі. Бұл ұйым еліміздегі әрбір этностың тілі мен дәстүрін сақтап, оларды ортақ мақсатқа біріктіруге ықпал етуде.
Еліміздің басты ұстанымы – «Бірлік бар жерде – тірлік бар». Бұл қағида біздің болашаққа нық қадам басуымызға негіз болады. Бүгінгі күннің басты міндеті – жастарды бейбітшілікке тәрбиелеу, ел ішіндегі татулықты сақтау және дамытып, сақтау.
Ынтымағы жарасқан ел – әрқашан биіктен көрінеді. Сол себепті әрбір қазақстандық бейбіт өмір мен қоғамдық келісім үшін өз үлесін қосуы тиіс. Тек бірлік пен келісім болғанда ғана еліміз өсіп-өркендейді. Біржан сал ауданы, Аналар кеңесінің мүшесі М. Аяғанова