Қазақстан – бірлігі жарасқан ел. Ұлт пен ұлыстың, түрлі дін мен мәдениеттің өкілдері бір атаның баласындай, бір ананың сүтіндей қасиетті Отан топырағында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Бұл – жай ғана кездейсоқтық емес, бұл – жылдар бойы жүргізілген саналы саясаттың, ел ішінде орныққан өзара сыйластық пен түсіністіктің жемісі. Ал мұның өзегі – жалпы азаматтық бірегейлікті қалыптастыру идеясы.
Бүгінгі таңда бізді біріктіретін не? Бұл – ортақ тарих. Бұл – Ата Заңымызда бекітілген тең құқықтар мен міндеттер. Бұл – аспанымызда желбіреген көк байрақ, жүрек төріндегі елтаңба, салтанатты сәттерде шырқалатын Әнұран. Бұл – Қазақстан деп аталатын туған жерге деген ортақ махаббат.
Еліміздің көпэтносты, көптілді, көпмәдениетті екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Бұл ерекшелік – біздің байлығымыз. Алайда дәл осы ерекшеліктер қоғамды бөліп-жарып, алауыздыққа апармауы үшін бәріміздің де ортақ ұстанымымыз болуға тиіс. Ол – азаматтық бірегейлік.
Яғни, әрбір қазақстандық өз ұлтына, дініне немесе тіліне қарамастан, ең алдымен өзін Қазақстан Республикасының азаматыретінде сезінуі керек. Бұл – ұлттың бірлігі мен мемлекеттің тұрақтылығы үшін аса маңызды.
Соңғы жылдары қоғамда «Мен – қазақпын» дейтін санаға қоса, «Мен – Қазақстан азаматымын» дейтін кең ауқымды түсінік тамыр жайып келеді. Бұл – аса жағымды құбылыс. Себебі ол адамды тек этностық деңгейде емес, мемлекеттік, азаматтық деңгейде ойлауға жетелейді. Еліміздің әр азаматы мемлекетпен ортақ тағдыр, ортақ жауапкершілік арқалап келе жатқанын сезіне бастады.
Мектептер мен университеттерде патриоттықтәрбиеге басымдық берілуде. Балалармемлекеттік рәміздерге құрметпен қарап, еліміздің тарихын, құндылықтарын үйреніп өсіпкеледі. Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде «Біз – бір елміз!», «Бірлік– болашағымыз!» деген ұрандар жиі көтеріледі. Бұл да ел ішінде азаматтық тұтастыққабетбұрыстың айғағы.
Бейбітшілік – біз үшін тек сөз емес. Бұл – бүгінгі тыныш таңымыздың, ашықаспанымыздың кепілі. Қиын-қыстау кезеңдердеұлтаралық жанжалдарға жол бермей, баршаұлт пен ұлысты ортақ шаңырақ астынабіріктірген Қазақстан бүгінде халықаралықаренада бейбітшілік пен келісімнің символынаайналды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы осы бірегейлікпен келісімнің нақты көрінісі іспетті. Оныңмақсаты – этностар арасында тек өзарасыйластықты ғана емес, ортақ азаматтықсезімді де қалыптастыру. Бүгінде Ассамблея – Қазақстан қоғамының бейбіт жолмен дамуына қызмет етіп келе жатқан беделді институт.
Қазақта «Бірлік бар жерде – тірлік бар» дегенаталы сөз бар. Біздің бірлігіміз – тек қанменнемесе тектілікпен емес, ортақ мақсатпен, ортақ мүддемен байланысқан бірлігіміз. Азаматтық бірегейлік – осы бірліктің алтын арқауы. Егер әрбір қазақстандық өзінмемлекеттің толыққанды азаматы ретіндесезініп, осы ел үшін жауапкершілік арқаласа – Қазақстанның келешегі кемел, болашағыбаянды болмақ.
Біз бір елміз. Біздің тағдырымыз – ортақ. Ал Отанымыз – жалғыз. Сол Отанды сүю – әрбіразаматтың қасиетті парызы.
Қайырбай Мәжитұлы, ҚХАА ЖК мүшесі.