Қаншалықты жиі кездесетін жағдай, сіз дүкеннен қалаған затыңызды сатып алып, үйге келген соң оның игілігімен рахаттануға дәмеленесіз, ал ол жұмысты істемейді. Мұндай оқиға өнімдерді сатып алған жағдайларда болады. Мысалы, қаптамасын ашқан кезде Сіз тауардың бұзылғанын байқадыңыз. Мұндай жағдайларда не істеу керек? Бәрін сол қалпында қалдыру керек пе? Ал мұны Заң тұрғысынан.
— Мысалы, Сіз кепілдік мерзімі бар электр үтігіні сатып алдыңыз, оны дүкенде тексердіңіз.
Кешке жұбайыңыздың шалбарын үтіктеп беруге кірістіңіз, нәтижесінде шалбар дұрыс үтіктелмей сол күйінде қалады,өйткені бумен үтіктеу режимі істемейді екен.
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының15—бабына сәйкес тиісті емес спадағы тауар сатылған тұтынушы, егер сатушы (дайындаушы) оған тауардағы кемшіліктер жөнінде айтпаса, өз таңдауы бойынша:
1) сатып алу бағасын мөлшерлес кемітуді;
2) тауардағы кемшіліктерін өтеусіз жоюды талап етуге құқылы. Тиісті емес сападағы тауарды сатушы оның дайындаушысы болып табылмаған жағдайда, осы тармақтың 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген талаптар сатып алушының таңдауы бойынша сатушыға не дайындаушыға қойылуы мүмкін;
3) тауардағы кемшіліктерді жоюға жұмсаған өз шығыстарынөтеу;
4) ұқсас маркалы тауарға (модельге, артикулға) тауарға ауыстыруды;
5) сатып алу бағасын тиісінше қайта есептей отырып, басқамаркадағы (модельдегі, артикулдағы) осындай тауарға ауыстыру;
6) шартты бұзу және тауар үшін төленген ақшалай соманықайтаруды талап етуге құқылы.
Келесі күні Сіз дүкенге қайтадан барып, үтікті тексеріп, бурежимі шынымен жұмыс істемейтініне көз жеткіздіңіз.
Сатушы тексеру жүргізу үшін сервистік компанияға жүгінудіұсынады.
Бұл жағдайда Сатушы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғаутуралы». ҚР Заңының 30—бабының 2-тармағына сәйкес әрекет етті. Тұтынушы тауардан кемшіліктер тапқан жағдайда сатушы (дайындаушы) – оны дереу ауыстыруға, ал сатушының (дайындаушының) тауар сапасын қосымша тексеруі қажет болған кезде тиісті талап қойылған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ауыстыруға міндетті.
Сервистік компанияда тексеруден кейін жөндеуге жатпайтынзауыттық ақау бар екені туралы акт жасалынды. Актіні тұтынушыактіні сатушыға тапсырды, ол онымен танысып басқа маркалы үтік ұсынды, бірақ тұтынушыға онда бу режимнің болмауына байланысты ұсынылған үтік ұнамады делік.
Заңның 29—бабының 4—тармағына сәйкес, егер сатушыны(дайындаушыны,
орындаушыны) тауарды сатып алудың (жұмысты орындаудың қызметті көрсетудің) нақты мақсаттары туралы хабардар етсе, сатушы (дайындаушы, орындаушы) тұтынушыға тиісті сападағы, осы мақсаттарға сәйкес пайдалануға жарамды тауарды беруге (жұмысты орындауға, қызметті көрсетуге) міндетті.
Тұтынушы ақшаны қайтаруды талап етеді, алайда сатушы ақшаны қайтарудвн бас тартты.
Бұл жағдайда тұтынушы ҚР Заңының 42—4 бабының тәртібінде Тұтынушы сатушыға шартты бұзуға және тауарға төленген соманықайтару туралы жазбаша шағым жазады.
Шартты бұзған кезде тұтынушымен есеп айырысу тауардың бағасы көтерілген жағдайда – оның шартты бұзған кездегі бағасының негізінде, ал бағасы төмендеген жағдайда тауардың сатып алу кезіндегі бағасының негізінде жүргізіледі.
Шағымды алған соң Сатушы кешірім сұрап, үтіктің ақшасын қайтарып береді.