«Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші, өзіміз тұратын қаламызды, қоршаған ортаның, туған өлкеміздің тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың, әр тұрғынның басты міндеті. Бүгінгі күні күн тәртібінен түспейтін басты мәселелердің бірі – тазалық. Дана халқымыз: «Бірінші байлық – денсаулық, денсаулық кепілі – тазалық» демекші, көше бойындағы күл-қоқыстардың өзі адам денсаулығына кері әсер ететінін естен шығармағанымыз жөн.
Құрметті қала тұрғындары! 21 қыркүйек сенбі күні, сағат 10.00-де жалпы аудандық сенбілікке шақырамыз! Барлық қалалық шағын және орта бизнес нысандарының қатысуы міндетті. Сонымен қатар, әлеуметтік нысандарғы қызметкерлер, бюджеттік және жеке мекеме ұжымдары, көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару органдары және жеке сектордың үй иелері қатысуға тиіс.
Сенбілік – бұл ұжымдық рухты, бірегейлікті, ауызбіршілікті көрсететін керемет шара. Өзі тұратын жерге жаны ашып, оның тазалығына көңіл бөлу – азаматтық парыз. Әр адам сенбілікке кішкене де болса атсалысып, үлесін қосса тазалыққа деген жауапкершілігі де арта түседі. Сенбілікке шығу арқылы тазалыққа деген жауапкершілікті нығайтады.
Қаламыздың тазалығына үлес қосыңыз! Сенбілікке шығыңыз!