Жылыту пештерін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар!

​Өрттердің болу жағдайына табиғи-климаттық құбылыстар айтарлықтай әсерін тигізеді. Жану жағдайларының көбі өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу бойынша тұрғын үй секторында қысқы кезенде болады.

​Тұрғын үй секторында өрттер мен адам өлімін болдырмау мақсатында Көкшетау қаласының 11-ӨСБ қызметкерлері аудан тұрғындарын өрт қауіпсіздік ережесінің негізгі талаптарын сақтауды сұрайды, атап айтсақ:
​Жылыту маусымы басталғанға дейін пешті жөндеу, сырлау және әктеу, күлден тазалауды жүргізу. Мұржа құбырын үш айда бір рет тазалау қажет.

​Пешті тек ересек адамдар ғана жандыру керек, пешті жағуды балаларға және алькоголді ішімдік ішкен адамға тапсыруға болмайды.
​Жанып жатқан пешті қараусыз немесе оны ашық есікпен қалдыруға болмайды.
​Пеш алдына 50х70 см. металлдан жылу оқшаулағыш материал қабатын орналастыру қажет.

​Оттық есігінен бастап қарама-қарсы есікке дейінгі қашықтықты кемінде 1250 мм етіп жасау қажет.

​Пештен шыққан жану қалдықтарын күл және шлак заттары арнайы алшақ жерлерге үйілуі тиіс, егерде жану қаупі туындаса су құйып тасталуы қажет.
​Пешті пайдалануда қатаң тыйым салынады:
​- пешті бензинмен, керосинмен, соляркамен тұтатуға.
​- пешті қатты қыздыруға болмайды, жағу ұзақтығы 3 сағаттан аспауы тиіс;
​- жиһаз және басқа да жанғыш заттарды жақын қоюға болмайды.
Х.ГИБАДАДОВ,
Біржан сал ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің инженері.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться