Жылыту маусымына дайындық: әлеуметтік нысандардың дайындығы 90%-дан асады
Үкімет отырысында алдағы жылыту маусымына дайындық барысы қаралды. Нысандар мен инфрақұрылымның қазіргі дайындық жағдайы туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев баяндады.
Бүгінгі таңда білім беру және денсаулық сақтау нысандарының дайындығы еліміз бойынша орта есеппен 90%-дан, тұрғын үйлер дайындығы 83%-дан асады. Сумен жабдықтау желілерінде жөндеу жұмыстары 63% орындалды.
«Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша бүгінгі таңда 11 200 дербес қазандық дайындалды, бұл жалпы санның 85%-ы. Дербес қазандықтар үшін керек көмір 51%-ға, мазут қоры 91%-ға, дизель отыны 39%-ға дайындалған»,
— деп атап өтті министр.
➖
Подготовка к отопительному сезону: готовность соцобъектов превышает 90%
На заседании Правительства рассмотрен ход подготовки к предстоящему отопительному сезону. О текущем статусе готовности объектов и инфраструктуры доложил министр промышленности и строительства Ерсайын Нагаспаев.
На сегодня готовность объектов образования и здравоохранения в среднем по стране превышает 90%, жилых домов – 83%. Ремонтные работы на сетях водоснабжения выполнены на 63%.
«По данным местных исполнительных органов на сегодня подготовлено 11 200 единиц автономных котельных, это 85%. Готовность угля для автономных котельных составляет 51%, запасы мазута подготовлены на 91%, дизельного топлива 39%»,
— отметил министр.
📱 @KZgovernment