
Мен – еңбек ардагері, елдің дамуын талай жыл көзіммен көрген ақсақал ретінде өз ойымды айтқым келеді.
Біздің өміріміз еңбекпен, бірлікпен, төзіммен өтті. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап бүгінге дейін еліміз талай кезеңнен өтті. Соның бәрінде ең басты тірегіміз – заң мен тұрақтылық болды. Конституция – сол тұрақтылықтың негізі, халықтың құқығын қорғайтын басты құжат.
Бүгін ұсынылып отырған Конституциялық реформа – елді одан әрі дамытуға бағытталған қадам деп түсінемін. Әділдік, жауапкершілік, халықтың үнін есту – кез келген мемлекеттің берік болуының шарты.
Біз, аға буын, әрдайым ел бірлігін жоғары қоямыз. Жастарға үлгі болып, ел тағдырына бейжай қарамау – біздің парызымыз. Болашақ ұрпақтың амандығы үшін саналы шешім қабылдау маңызды.
Қазбек Смағұлов,
Біржан сал ауданының Еңбек ардагері, Құрметті азаматы.
