Жаңа Конституция жобасы – еліміздің болашағын айқындайтын маңызды құжат

Жаңа Конституция жобасы – еліміздің болашағын айқындайтын маңызды құжат. Бұл жоба халықтың мүддесін қорғап, әділ қоғам құруға бағытталған. Әсіресе, мәдениет саласына ерекше көңіл бөлінуі – өте қуанышты жағдай.

Мәдениет – ұлттың жаны, рухани тірегі. Жаңа Конституцияда мәдениетті дамытуға, өнер мен дәстүрді сақтауға, мәдениет қызметкерлерін қолдауға мән берілуі – елдің рухани дамуына үлкен үлес қосады. Бұл құжат мәдениет ошақтарының жұмысын жандандырып, жас ұрпақтың өнерге, кітапқа, ұлттық құндылықтарға жақын болуына жол ашады.

Осындай бастамалар арқылы елімізде мәдениет дамып, рухани бай қоғам қалыптасады деп сенеміз. Жаңа Конституция – жарқын болашаққа жасалған маңызды қадам.

Алтынай Рамазанова,

Біржан сал атындағы аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться