Жаңа Конституция – жаңа мүмкіндіктер

Аңғал батыр ауылының тұрғындарымен “Жаңа Конституция – жаңа мүмкіндіктер” тақырыбында мазмұнды кездесу өтті. Жиын барысында еліміздің басты құжаты – Қазақстан Республикасының Конституциясы жаңа жобасының негізгі бағыттары кеңінен түсіндірілді.

Кездесудің басты мақсаты – алдағы референдумның маңызын атап өтіп, әрбір азаматтың белсенді азаматтық ұстанымының рөлін айқындау болды. Спикерлер жаңа жобада қарастырылған жаңашыл бастамалар, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, әлеуметтік әділеттілік пен қоғамдық келісімді нығайту мәселелері төңірегінде ой бөлісті.

Кездесуде AMANAT партиясы филиалының атқарушы хатшысы Азамат Аутенов және Қоғамдық кеңес мүшесі Миргүл Аяғанова сөз сөйлеп, тұрғындарды референдумға белсенді қатысуға шақырды.

Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап беріліп, ашық пікір алмасу алаңы қалыптасты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться