
Жаңа Конституция – бұл еліміздің болашағына бағытталған нақты қадам. Әрбір өзгеріс ең алдымен жастардың ертеңгі күніне, олардың мүмкіндіктері мен құқықтарының кеңеюіне әсер етеді.
Бүгін біз белсенді, білімді, жауапты ұрпақ ретінде мемлекет дамуына өз үлесімізді қосуға дайынбыз. Референдум – халықтың үнін еститін, әр азаматтың пікірін маңызды ететін маңызды саяси қадам.
Жастар үшін бұл – жай ғана саяси науқан емес, бұл – өз болашағымызға деген жауапкершілік. Біз әділетті қоғам, тең мүмкіндік және тұрақты даму жолын қолдаймыз.
Белсенділік таныту – әрқайсымыздың азаматтық ұстанымымыздың көрінісі. Еліміздің ертеңі өз қолымызда!
Арман Әлжанов,
Біржан сал ауданының “Жастар рухы” жастар қанатының көшбасшысы.
