UKIMET: Энергетика министрлігі жылыту маусымына дайындық туралы: Барлық жөндеу жұмыстары уақытында аяқталады

UKIMET:
Энергетика министрлігі жылыту маусымына дайындық туралы: Барлық жөндеу жұмыстары уақытында аяқталады

ҚР энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында алдағы жылыту маусымына дайындық барысы туралы баяндады.
Ол жүйелік оператор бекіткен кестеге сәйкес биыл электр стансаларында 10 энергия блогын, 63 қазандықты және 39 турбинаны жөндеу жоспарланғанын хабарлады.

4 энергоблокта, 31 қазандықта және 20 турбинада жөндеу жұмыстары әр түрлі кезеңдерде жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары 5 энергия блогында, 22 қазандықта және 12 турбинада аяқталды.
Энергетикалық көздер бойынша жөндеу жұмыстарына 376,7 млрд теңге жоспарланған, бұл өткен жылғы деңгейден 13%-ға жоғары.
АЭК электр желілерінде жалпы ұзындығы 17 мың шақырым электр беру желілерін, 420 қосалқы стансаларды, 3,5 мың тарату пункттерін және трансформаторлық қосалқы стансаларды жөндеу жоспарланған.

«Электр беру желілерінің 77%-ы, қосалқы стансалардың 68%-ы және тарату пункттері мен трансформаторлық қосалқы стансалардың 73%-ы жөнделді. Жылумен жабдықтау желілерінде 323 шақырым жылу желілерін реконструкциялау және күрделі жөндеу бойынша жөндеу жұмыстары жоспарланған. 215 шақырым немесе 66% орындалды. Барлық жөндеу жұмыстары мерзімінде аяқталады»,
— деп атап өтті Ерлан Ақкенженов.

📱 @KZgovernment

Минэнерго о подготовке к отопительному сезону: Все ремонтные работы будут завершены в срок

Министр энергетики РК Ерлан Аккенженов на заседании Правительства доложил о ходе подготовки к предстоящему отопительному сезону.

Он сообщил, что в соответствии с графиком, утвержденным системным оператором, на электрических станциях в текущем году запланирован ремонт 10 энергоблоков, 63 котлов и 39 турбин.

На разных стадиях ремонтные работы ведутся на 4 энергоблоках, 31 котле и 20 турбинах. Завершен ремонт
на 5 энергоблоках, 22 котлах и 12 турбинах.
На ремонтные работы по энергетическим источникам запланировано 376,7 млрд тенге, что на 13% выше уровня прошлого года.

На электрических сетях РЭКов запланировано отремонтировать линий электропередачи общей протяженностью 17 тыс. км, 420 подстанций, 3,5 тыс. распределительных пунктов и трансформаторных подстанций.

«Выполнен ремонт 77% линий электропередач, 68% подстанций и 73% распределительных пунктов и трансформаторных подстанций. На сетях теплоснабжения запланированы ремонтные работы по реконструкции и капитальному ремонту 323 км тепловых сетей. Выполнено 215 км или 66%. Все ремонтные работы будут завершены в срок»,
— заверил Ерлан Аккенженов.

📱 @KZgovernment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться