Теміржол және су көлігі

 

Осы жылдың тоғыз айында темір жол көлігімен жүк тасымалдау көлемі 339,4 млн тоннаны құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,5 %-ға артық.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін 2029 жылға дейін 11 мың шақырым теміржол учаскелерін жаңарту жоспарлануда, оның ішінде бүгінде 2,8 мың шақырымнан астам жолға жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

Теңіз көлігімен 2025 жылдың 9 айында 6 млн тонна жүк тасымалданды, бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 9%-ға жоғары. Қазақстандық теңіз порттары арқылы контейнерлік тасымалдар үштен біріне ұлғайып, 67,2 мың ЖФЭ-ге жетті.

Маусым айында Ақтау портында контейнерлік хабтың бірінші іске қосу кешені пайдалануға берілді, жоба жыл соңына дейін порттың өткізу қабілетін 240 мың ЖФЭ-ге дейін арттыруға мүмкіндік береді.

2025 жылдың маңызды оқиғаларына мыналар жатады:

▫️ «Достық – Мойынты» теміржолының екінші желісі іске қосылды (836 шақырым);
▫️ «Қызылжар – Мойынты» жаңа теміржол желісінің құрылысы басталды (323 шақырым);
▫️ 775 локомотив пен 2,7 мың жайдақ вагон жеткізіп беру келісімшарттарына қол қойылды;
▫️ Бүкіл еліміз бойынша 124 вокзалға жаңғырту жұмыстары жүруде;
▫️ Құрық–Баку бағытында құрғақ жүк таситын 1 кеме қатынай бастады, тағы 2 паром келеді деп күтілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться