Жаһандағы жайсыздықтар сыртқыидеологиялық ықпалдың әсерін күшейте түсті. Бұл әдетте жасырын түрде немесе «жұмсақкүш» (soft power) арқылы жүреді. Сондықтанәлемдегі геосаяси күрделі кезеңде елдегі ырыс-ынтымақ ыдырамас үшін бірлігімізді бекемдейтүсу маңызды. Осы ретте тұрақтылықтысақтауда, қоғамдық келісімді орнықтыруда БАҚ өкілдері этносаралық сала мәселелерітөңірегінде сауатты ақпарат таратуы қажет.
Сурет: tobolinfo.kz
Елімізде этносаралық келісім мен мәдениәралуандылық мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі саналады. Бұл ұстанымақпарат майданында да өз өрісін тауып келеді. Ұлттық тұтастықты нығайтуда әлі де бұқаралықақпарат құралдарында жарияланатынматериалдардың мазмұнына ерекше мән беру керек. Осы мақсатта Мәдениет және ақпаратминистрлігі Президенттің биыл 24 сәуірдеҚазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында берген тапсырмаларын іске асыруаясында Қолданбалы этносаяси зерттеулеринституты сарапшы мамандарыныңқатысуымен БАҚ өкілдеріне арнайы семинар ұйымдастырды.
Іс-шара онлайн форматта ZOOM платформасында өткізілді. Ондамедиакеңістікте этносаяси терминологиянықолдану ерекшеліктері, этносаралық саладағықоғамдық дискурста қолданатын терминдер, демографиялық және этнодемографиялықүрдістерді медиа аясында көрсету тәсіліайтылды.
– Қазіргі медиа кеңістікте, әсіресе БАҚ пен әлеуметтік желілерде этносаяси тақырыптардыжариялауда терминологияны дұрыс қолдану өтемаңызды мәселе. Қақтығыс – ресурстар, мүдделер қайшылығынан туындайтын күрделіәлеуметтік құбылыс. Алайда оны этникалықнегізге тіреу немесе этностық реңк беру көпжағдайда теріс салдарға әкеледі. БАҚ пен әлеуметтік желілер тікелей қатысушы болмасада, қақтығысқа жанама әсер етіп, оны ушықтыра алады. Әсіресе фейк, дезинформация немесе біржақты мәлімет тарату арқылы. Этникалық маркерлерді (мысалы, аты-жөні, киім үлгісі, мәдени ерекшелігі) көрсету, қылмыскер немесе жәбірленуші тұлғаныңэтносын атап өту – бүкіл этникалық топқақарсы стереотипті қалыптастырып, ксенофобиялық көзқарас тудыруы мүмкін. Сонымен қатар визуалды контент – әсіресемемдер, фотосуреттер, дипфейк өнімдерадамның ішкі дүниесіне әсер етіп, эмоциялықреакция тудыратын қуатты құрал. Сондықтаноның шынайылығын тексеру және бейтарапұсыну – БАҚ-тың кәсіби жауапкершілігі. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, «этносаралық қақтығыс» деген терминді тікелейқолдану орынсыз, себебі қақтығыстар көбінеәлеуметтік, тұрмыстық, экономикалықфакторлардан туындайды, – дейді ҚЭЗИ Этносаралық ахуал мониторингі орталығыныңбас менеджері Жұлдыз Кәрім.
Сондай-ақ семинарда елдегі этникалыққауымдастықтарға диаспора сөзіқолданылмайтыны, этнос пен ұлт ұғымдары – бір-біріне синоним емес, мағынасы жағынанмүлде бөлек терминдер екені де айтылды.
– Этнос – ортақ тілі, мәдениеті, тарихи санасықалыптасқан, белгілі бір аумақта өмір сүретінқауымдастық болса, ұлт – саяси, мемлекеттік бірлікке негізделген ұғым. Қазақстанда 2021 жылғы ұлттық санақ бойынша 124 этнос өкіліөмір сүреді, алайда бұл 124 ұлт емес, 124 этнос дегенді білдіреді. Сондықтан «өзге ұлтөкілдері», «ұлтаралық келісім» деген сияқтытіркестерді қолдану дұрыс емес, орнына «өзгеэтнос өкілдері», «этносаралық келісім» дегеннақты әрі ғылыми негізді терминдерқолданылуы қажет. Этносаралық қатынастарғақатысты ақпарат таратуда журналистер осы айырмашылықтарды ескеруі маңызды. Себебіеліміз – унитарлы, президенттік басқаруформасындағы мемлекет. Мұнда «ұлт» ұғымыазаматтық негізде түсіндіріледі, яғни барлықэтностардың өкілдері – біртұтас қазақстандықұлттың мүшелері. Ұлттық бірлік дегеніміз – түрлі этностардың ортақ мемлекеттік мүддежолында бірігуі, елдің мәдениеті, ғылымы, спорты, ортақ мерекелері мен құндылықтарынбірге ұлықталуы. Бұл отандық патриотизмніңайқын көрінісі. Мысалы, Наурыз мерекесіннемесе Тәуелсіздік күнін барлық этностардыңбірге тойлауы, халықаралық жарыстарда түрліэтнос өкілдерінің Қазақстан құрамасы атынанөнер көрсетуі – осының дәлелі. Демеккөпэтносты қоғам жағдайында ұлт – мемлекеттібілдіретін ұғым, ал этнос – сол мемлекеттіқұрайтын мәдени, тарихи қауымдастық. Сондықтан медиада мұндай терминдердісауатты, жауапкершілікпен қолдану – қоғамдықкелісімді нығайтудың маңызды шарты, – дейдіҚЭЗИ этномедиация орталығы директорыныңорынбасары Фарида Мұсатаева.
https://egemen.kz/article/393441-sozden-ot-tutanbasyn-desek