Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында атом электр станциясын салуға қатысты халық таңдауын жасауы үшін референдум өткізуді тапсырған болатын. АЭС салу туралы ел ішінде түрлі пікірлер мен сұрақтар көп.
Осыған орай, референдумнан бұрын жұртшылықтың пікірін тыңдап, сұрақтарына дәлелді жауап беріліп, АЭС салудың артықшылықтары мен залалсыздығын түсіндіру үшін қыркүйек айының 9 жұлдызында Ақмола облысының аумақтық референдум комиссиясының мүшелері мен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалының әдіскерлерімен аудандық АРК және УРК мүшелеріне әдістемелік және ақпараттық көмек көрсету және оқыту жүргізу үшін ауданымызға келіп, семинар-кеңес өткізді.
Отырысқа аумақтық референдум комиссияларының төрағалары, олардың орынбасарлары мен хатшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Семинардың бірінші бөлігінде референдумның ұйымдастырушылық және құқықтық мәселелері бағытында Ақмола облыстық референдум комиссиясының төрағасының орынбасары Николай Афанасьевич Политкин түсіндірме жүргізіп, бірқатар мысалдар арқылы талдаулар берді.
Екінші бөлігінде практикалық кейстер негізінде учаскелік референдум комиссиясы мүшелерінің ситуациялық жағдайлардан сәтті шығудың және қоғаммен сындарлы диалог орнатудың әдістерін Алма Болатовна Бекентаева талқылады.
Мұнан кейін облыстық АРК төрағаның орынбасары Политкин Николай Афанасьевич учаскелік референдум комиссиясының мүшелерін каскадтық әдіспен оқыту жұмыстарын жалғастыруды ұсынды.
Референдум комиссияларының қызметін ұйымдастыру және байқаушылармен жұмыс, референдум тізімдерімен жұмыс істеу және референдум учаскелерін жарақтандыру мәселелері бойынша оқыту жүргізілді, сондай-ақ дауыс беру күнінің алгоритмі егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Семинарды өткізу қорытындысы бойынша облыстық аумақтық референдум комиссиясының мүшелері қатысушылардың сұрақтарына жан-жақты толық жауап берді.
Қуаныш НУРКУШЕВА.