Марат Әзілханов Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының мүшелерімен кездесті

Қазақстан халқы Ассамблеясытөрағасының орынбасары Марат ӘзілхановАқмола облысына жұмыс сапары аясында«Қоғамдық келісім» КММ-де болып, халықсәндік-қолданбалы шығармашылық шеберлеріОдағының және қоғамдық құрылымдардыңкөрмесімен танысып, Ақмола ассамблеясыныңэтномәдени бірлестіктерінің кабинеттерінаралап көрді.

Марат Әзілханов Ақмола облысына жұмыссапары аясында Қазақстан халқыАссамблеясының өңірлік активімен кездесуөткізді.

Кездесуге Ақмола облысының әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова, Республикалық Этномедиация кеңесінің төрағасы Шерзод Пулатов және «Ассамблеясы жастары» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Ғабдуллұлы Жұмырбаев және Ақмола ассамблеясы этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарының төрағалары қатысты.

Кездесуде ҚХА-ның 30 жылдығы аясындағыіс-шаралар, бірлігіміз бен қоғамдық келісімдінығайтуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар және қайырымдылық бастамалардың жүзегеасырылуы талқыланды. Сонымен қатар, облыстық Ассамблея жобаларының тиімділігінарттыру, этномәдени бірлестіктер мен ҚХА қоғамдық құрылымдарының жұмысынжетілдіру және этносаралық диалогтыдамытуға жұртшылықты тарту жөніндегі ұсыныстар қаралды.

Шара соңында жалпыұлттық бірлікті нығайтуға елеулі үлес қосып жүрген Ассамблея мүшелері  марапатталды.

Одан кейін Марат Әзілханов Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан халқы Ақмола Асссамблеясының жастарымен кездесті.

Кездесуге Ақмола облысының әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова, «Ассамблеясы жастары» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Ғабдуллұлы Жұмырбаев және облысымыздың жастары қатысты.

Кездесу барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы жастарының бастамаларын талқылау, пікір алмасу және қатысушылармен Ассамблея жобаларының тиімділігін арттыруға бағытталған жастар жұмысын жетілдіру туралы сұрақтар мен жауаптар сессиясы өтті.

Шара соңында жалпыұлттық бірлікті нығайтуға елеулі үлес қосып жүрген Ақмола Асссамблеясының жастары Алғыс хаттармен марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться