Қазіргі кезеңде Қазақстан қоғамы үшінэтносаралық келісім мен бірлікті сақтау — бастыбасымдықтардың бірі. Бұл – тек ішкі тұрақтылықтың негізі ғана емес, сонымен қатар еліміздің ұзақ мерзімді дамуы мен қауіпсіздігініңкепілі.
Мемлекет бұл бағытта жүйелі саясат жүргізіпкеледі. Ұлттық бірлік доктринасы, Қазақстан халқыАссамблеясының қызметі, мәдениетаралықдиалогты дамытуға бағытталған бағдарламалар – барлығы да этностар арасындағы өзара түсіністікпен құрметті нығайтуға қызмет етеді.
Азаматтық қоғам институттарының, мәдениет пен білім беру салаларының, жастар ұйымдарыныңатқаратын рөлі де ерекше. Әсіресе, жастардыңарасында толеранттылықты, ұлттыққұндылықтарға деген құрметті, сондай-ақкөпэтносты қоғамда өмір сүру мәдениетінқалыптастыру – бүгінгі күннің өзекті міндеттерініңбірі.
Этносаралық келісімді сақтау — бұл тек мемлекеттің емес, әр азаматтың ортақжауапкершілігі. Сондықтан әрбір қазақстандыққоғамдық тұрақтылықты сақтау ісіне өз үлесінқосуы маңызды.
Ақмола облысы аналар кеңесінің төрайымы
Айнұр Құрманбайқызы Жахина