2025 жылғы 1 тамыз бен 20 қазанаралығында Қазақстанда екінші Ұлттық ауылшаруашылығы санағы өтеді. Бұл – БҰҰ-ныңАзық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының(ФАО) ұсынымына сәйкес, әр 10 жыл сайын біррет өткізілуі тиіс маңызды статистикалықіс-шара. Алғашқы санақ 2006–2007 жылдарыөткен.
Санақтың мақсаты – ауыл шаруашылығысаласының қазіргі жағдайы туралы толық әріөзекті ақпарат жинау: шаруашылықтардыңқұрылымы, техника мен жануарлар саны, егісалаңдары және басқа да ресурстар. Бұлмәліметтер мемлекетке тиімді аграрлық саясатәзірлеуге, фермерлерді қолдауға және саланыдамытуға көмектеседі.
Санақ екі кезеңде өтеді:
1–31 тамыз – онлайн-кезең.
Барлық ауыл шаруашылығы өндірушілері gov.kz сайтында сауалнаманы өз бетінше толтыраалады. Бұл – жылдам, ыңғайлы және қауіпсіз.
20 қыркүйек – 20 қазан – офлайн-кезең.
Онлайн-сауалнамадан өтпеген үйшаруашылықтарын интервьюерлер планшет арқылы жеке аралап, сауалнама жүргізеді.
Қатысуы тиіс тұлғалар:
Өсімдік шаруашылығымен, мал шаруашылығымен немесе балық өсіруменайналысатын ЖШС, жеке кәсіпкерлер жәнешаруа (фермер) қожалықтары;
Ірі қара, құс өсіретін, бау-бақша ұстайтынжеке қосалқы шаруашылық иелері.
Сұрақтар мынадай тақырыптарды қамтиды:
Ауыл шаруашылығы жерлерінің болуы жәнетүрлері;
Мал мен құс саны;
Қолданыстағы техника;
Егіс алқаптары және т.б.
2025 жылғы 1–31 тамыз аралығындасанақтың бірінші кезеңі өтеді. Осы кезеңдебарлық қатысушылар sanaq.gov.kz сайтындаонлайн сауалнамадан өте алады. Онда екі түрлісауалнама қолжетімді болады – ауылшаруашылығы өндірушілері үшін және үйшаруашылықтары үшін. Бұл туралыKazpravda.kz ҚР Ұлттық статистика бюросынасілтеме жасап хабарлады.
Заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер мен шаруақожалықтары
Өсімдік, мал немесе балық шаруашылығыменайналысатындар 2-СХП/КФХ сауалнамасынтолтыруы тиіс. Ол 9 бөлімнен және 29 сұрақтантұрады. Бұл сауалнамада жер көлемі, оны пайдалану тәсілі, суару әдістері, жердің меншіктенемесе жалда екенін көрсету қажет.
Сондай-ақ, мал, құс, балық саны, техника мен жабдық, қоймалар және басқа да нысандартуралы ақпарат сұралады. Қатысушылартыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғауқұралдарын қолдану, органикалық өнім шығару, өнімді сату немесе тұтыну, жұмысшылар саны мен олардың сипаттамалары туралы мәліметбереді.
Егер шаруашылық бірнеше өңірде жұмысістесе, әр өңір үшін бөлек сауалнаматолтырылуы тиіс. Онда жер, егістік, мал мен құстың нақты орналасқан жері көрсетілуі керек.
Үй шаруашылықтары (3-ЛПХ сауалнамасы)
Өсімдік өсірумен немесе мал, құс ұстауменайналысатын үй шаруашылықтары да санаққақатысады. Сауалнама 8 бөлімнен, 22 сұрақтантұрады. Онда өсірілетін дақылдар, мал мен құссаны, жайылымдардың пайдаланылуы, мал ұстауға арналған құрылыстардың бар-жоғы, өнімнің сатылуы немесе жеке тұтынуғаарналғаны көрсетіледі.
Барлық деректер құпия сақталады және тек статистикалық мақсатта пайдаланылады.