Конституция — отбасы, ана мен баланы қорғаудың берік негізі

 

Біржан сал ауданы Аналар кеңесінің төрайымы ретінде, балаларымыз бен немерелеріміздің болашағын айқындайтын маңызды қоғамдық-саяси үдерістерден тыс қала алмаймын. Конституция — мемлекеттің жай ғана Негізгі заңы емес. Ол — отбасы, ана мен баланы қорғаудың берік негізі, әрбір азаматтың құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің кепілі.

Конституциялық реформа — әлеуметтік әділдікті нығайтуға, мемлекеттік институттардың халық алдындағы жауапкершілігін арттыруға, азаматтық қоғамның рөлін күшейтуге бағытталған маңызды қадам. Біз, аналар үшін, Негізгі заңда отбасын қолдау, бала құқықтарын қорғау, сапалы білім мен қолжетімді денсаулық сақтау салаларының басымдығы айқын көрініс табуы ерекше маңызды.

Біз әрқашан жас ұрпақты заңға құрметпен қарауға, үлкенді сыйлауға, өз еліне адал болуға тәрбиелеу туралы айтып келеміз. Бүгін бізде өз үлгімізбен белсенді азаматтық ұстанымымызды көрсету мүмкіндігі бар. Балаларымыз өмір сүретін құқықтық әрі әлеуметтік кеңістіктің қандай болатыны — біздің қатысуымызға байланысты.

Конституциялық реформаны қолдау — бұл Қазақстанның тұрақтылығы мен дамуын, жарқын әрі сенімді болашағын қолдау.

Әмина Жақыпова,

Біржан сал ауданы Аналар кеңесінің төрайымы.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться